«Мемлекеттік мекемелерде диагностика, қолдау, түзету және әлеуметтік көмек көрсету мәселелерін шешуде ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналардың, ресми өкілдердің әрекеттерінің алгоритмі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

  • 18 - Желтоқсан, 2023 жыл.

«Самұрық-Қазына» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен «Жаңа өмірді бастау» жеке қоры Сенім жобасы «SPECIAL WAY (арнайы жол)» жобасы аясында Қоғамдық кеңес мүшелері, Алматы қаласы мәслихатының депутаты А.Көбеева «Мемлекеттік мекемелерде диагностика, қолдау, түзету және әлеуметтік көмек көрсету мәселелерін шешуде ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналардың, ресми өкілдердің әрекеттерінің алгоритмі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Бұл кездесудің өзектілігінің көрсеткіші - Қазақстанның барлық өңірлерінен, облыстық мемлекеттік басқармалардың (білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, түзеу мекемелері және т.б.) өкілдері, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар да белсенді қатысты. Дөңгелек үстелге Қазақстанның түкпір-түкпірінен 300-ден астам қатысушы қатысты.

Жоба аясындағы мұндай кездесулер қатысушылардың өтініші бойынша жыл бойы тұрақты түрде өткізілетін болады, өйткені сындарлы шешімдерді әзірлеу үшін әлі де көптеген мәселелерді талқылау қажет.

Бұл кездесулердің форматы ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарының, ресми өкілдерінің кең аудиториясын қамтуға, мемлекеттік және жеке мамандандырылған мекемелердің мамандарының сұраныстары бойынша білікті кері байланыс орнатуға, жеке өтініштерді шешуге көмек көрсетуге, сондай-ақ әлеуметтік жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді.

Біз өз кезегімізде барлық мүдделі тұлғаларды жобамыздың барлық іс-шараларына белсенді қатысуға шақырамыз, өйткені қоғамымыздың сапалы өзгеруіне мүдделі әрбір жанашыр адамның пікірі біз үшін маңызды.

Кездесудің жазбасы https://www.youtube.com/@specialwaykz  Youtube арнамызда

Источник: https://www.instagram.com/p/C03iJNoMMhu/?img_index=1 




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін