АЛМАТЫДА «ЖАС КӘСІПКЕР» ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР ҚАБЫЛДАНАДЫ

  • 19 - шілде, 2019 жыл.

Алматы қаласында 22 шілдеден бастап Атамекен ҚР ҰКП-ның  «Жас кәсіпкер»  жобасы басталады. Мақсатты аудиториясы NEET санатындағы жастар, жас және аз қамтылған көпбалалы отбасылар, 18 бен 29 жас аралығындағы еңбекке жарамды мүгедектер. Жобаны іске асыру «Еңбек» жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында қалаларда, аудан орталықтарында, моноқалаларда және Республикалық маңызы бар қалаларда жүзеге асырылатын болады.

Бағдарламаның міндеттері:

жастарды кәсіпкерлік қызметке жаппай тарту,

перспективалы кәсіпкерлік идеяларды іріктеу және қолдау,

бизнес жүргізу үшін практикалық оқыту және дағдыларды игеру,

жастар арасында кәсіпкерлік қызметті дәріптеу,

ауылда және қалада бизнес ортаны қалыптастыру.

Жобаға қатысу жастарға кәсіпкерлік негіздерін оқытуға, өз орнын табуға, өз бизнесін ашуға және грант түрінде бастапқы 200 АЕК (505 мың теңге),  жеңілдетілген несиені жылдық 6% - бен 8000 АЕК-ке дейінгі жеңілдікті кредит алуға мүмкіндік береді.

Оқыту қаланың барлық 8 ауданында тәжірибелік тапсырмаларды, кейстерді, іскерлік ойындарды қолдана отырып, кәсіпкерлік қызметті нарықтық экономика жағдайында жүргізу кезінде белгілі бір ұғымдар мен құзыреттер шеңберін жүйелеу үшін ҰКП әзірлеген материалдар негізінде 32 оқу сыныптарында өтетін болады.

Жобаға қатысу үшін қатысушылар келесі құжаттарды тапсыруы қажет: жеке куәліктің көшірмесі, мекенжай анықтамасы (egov.kz) және жобаға қатысу үшін өтінішті толтыру.




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін