Прием заявок на Выставку успешных социальных проектов: «Лучшие идеи - моему городу» в рамках проведения XIII Гражданского форума Алматы (2023)

  • 26 - Мамыр, 2023 жыл.

ХАБАРЛАНДЫРУ

Алматы қаласының Азаматтық альянсы/«Almaty Aazamattyq Alliance» 2023 жылдың 14 маусымында қалалық XIII Азаматтық Форум аясында болатын «Менің қалама-үздік идеялар» атты нәтижелі әлеуметтік жобалар Көрмесі туралы хабарлайды.

Форум Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен өтеді.

Осыған орай, Көрмеге барлық  қызығушылық білдірген қоғамдық ұйымдар қатысып, 2020-2022 жылдарға арналған әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудағы табыстары мен озық тәжірибелерімен бөлісе алады. Ол үшін өтініштеріңізді хаттың қосымшасында ұсынылған нысанға сәйкeс әлеуметтік жобалардың сипаттамасымен бірге жіберулеріңізді сұраймыз.

Ағымдағы мәселелерді тиімді шешуге және жергілікті қоғамдастықтардың даму мақсаттарының тұрақтылығына бағытталған жобаларға басымдық беріледі. Өтініштер әлеуметтік маңыздылықты, идеяның инновациялық тәсілі мен жаңалығын, ұзақ мерзімді және шынайылықты, нәтижелердің тиімділігін көрсетуі керек.

Көрме нәтижесінде ең қызықты және тұрақты жобалар бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Ұсынудың соңғы мерзімі - 2023 жылдың 5 маусымы (қоса алғанда).

Барлық ұсыныстар мен өтініштерді «Нәтижелі әлеуметтік жобалар көрмесі – Форум 2023 – Алматы» тақырыбын көрсете отырып, kairzhan.info@gmail.com  электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.

Консультация алу үшін мына байланыс арқылы хабарласа аласыз:  87075107800 (whatsapp).

СІЗДІҢ ӨТІНІШТЕРІҢІЗДІ АСЫҒА КҮТЕМІЗ!




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін