«Әлеуметтік кәсіпкерлік арқылы ҮЕҰ кәсібилігін арттыру және бұқаралық ақпарат құралдарымен тиімді өзара әрекеттесу»

  • 30 - Сәуір, 2019 жыл.

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ

Алматы Азаматтық Орталығы («Ақпаратты-ресурстық орталығы» ҚҚ), Алматы қаласының мемлекеттік даму басқармасының тапсырмасы бойынша Алматы қаласының «Атамекен» РКП-ның қолдауымен бірігіп

 «Әлеуметтік кәсіпкерлік арқылы ҮЕҰ кәсібилігін арттыру және бұқаралық ақпарат құралдарымен тиімді өзара әрекеттесу»

тақырыбы бойынша ақпараттық-білім беру кездесуін өткізеді.

Іс-шараның аясында Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту және ілгерілету үшін құрылған www.grantnpo.kz бірлескен веб-сайтының таныстырылымы өткізіледі, сондай-ақ, сайтты пайдаланушылар әртүрлі салаларда, әсіресе әлеуметтік кәсіпкерлікте өз қызметін жүзеге асыратын ҮЕҰ үшін, барлық деңгейлердегі конкурстар мен гранттар бойынша ағымдағы ақпаратты таба алады.

Іс-шараның бағдарламасы өз аумағында кәсіпқой мамандармен бірге өткізілетін мастер-классты қамтиды:

  • Мастер-класс «Әлеуметтік кәсіпкерлік арқылы ҮЕҰ үшін табыс алу»

Тренер: Қазыбек Әлтайұлы Шайх- - "Қазақстан Республикасының кооперативтері мен басқа да экономикалық қауымдастық формаларының ұлттық Ассоциациясы" заңды тұлғалар бірлестігінің Президенті

  • Мастер-класс «Бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-қатынас орнату»

Тренер: Пономарев Сергей Михайлович- журналист, PR-кеңесші

Мақсатты аудитория: Алматы қаласының Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері (ҮЕҰ)

Өткізілетін Күні: 2019 ж. 3 мамыр,
Өткізілетін уақыты: 10.00 -12.00 сағ. (қатысушыларды тіркеу сағ.9.30-дан)
Өткізілетін орны: Алматы қаласы, Жібек жолы көшесі 135/10а, кіріс - Амангелді к-сі жағынан, №2 және №3 блок, 8 қабат, Алматы қ. Кәсіпкерлер Палатасы, Медеу залы

Семинарға қатысу үшін: Т.А.Ә. қатысушы, жұмыс орны, лауазымы, байланыс деректері көрсетілген келесі ақпаратты info@civilcenteralmaty.kz электронды поштасына жолдап немесе 8 (727) 3 410 411 нөміріне қоңырау шалып тіркелу қажет.

Өтінімдеріңізді 2 мамыр күні сағат 17.30-ға дейін (Нұр-Султан уақытына байланысты) жіберуіңізді сұраймыз




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін