«Samruk-KazynaTrust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры 2019 жылы «ӘREKET» жобасын іске асыруды жалғастыруда.

  • 18 - Сәуір, 2019 жыл.

«Samruk-KazynaTrust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры 2019 жылы «ӘREKET» жобасын іске асыруды жалғастыруда.

Жобаның мақсаты Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдары (КЕҰ) арасында әлеуметтік кәсіпкерлік мәдениетін дамыту болып табылады.

Өткен жылы жоба сынамалы режимде Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс-Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында іске асырылды. Жоба аясында 180 КЕҰ-ның 265 өкілі оқудан өтті. Жоба қорытындысы бойынша 96 бизнес-идея 500 000 теңге көлемінде қаржыландырылды.

2019 жылы гранттар байқауына 150 млн. теңге бөлінді. Байқау шеңберінде әрбір мүдделі коммерциялық емес ұйым әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту үшін 3 млн.теңгеге дейінгі мөлшерде грантқа үміткер бола алады.

Қор кәсіпкерлік тәсілді қолдана отырып, әлеуметтік проблемалардың тиімді, инновациялық және тұрақты шешімдерін енгізуге бағытталған КЕҰ жобаларын қолдауды жоспарлап отыр.

Байқауға қатысу КЕҰ келесі мүмкіндіктерді береді:

  1. әлеуметтік кәсіпкерліктің білімі мен дағдыларын алу;
  2. әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы сарапшылармен жобаны пысықтау;
  3. кәсіпкерлік құзыреттілікті дамыту;
  4. пайдалы байланыстар желісін дамыту;
  5. әлеуметтік кәсіпкерлік саласында өз жобасын іске қосу/дамыту үшін Қор тарапынан қаржыландыру алу.

Байқау үш кезеңнен тұрады. Әрбір кезеңнің сипаттамасы мен мерзімдерімен төменде танысуға болады.

Барлық мүдделі КЕҰ үшін бірінші кезеңге өтінімдер қабылдау алдында «Samruk-Kazyna Trust» өкілдері ҚР бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесулерін өткізеді:

13 мамыр –Қызылорда;

14 мамыр – Талдықорған, Түркістан;

15 мамыр – Шымкент, Орал, Қостанай;

16 мамыр – Көкшетау;

17 мамыр – Алматы;

20 мамыр – Ақтөбе;

21 мамыр – Атырау;

22 мамыр – Қарағанды, Тараз;

24 мамыр – Ақтау;

27 мамыр – Петропавл;

29 мамыр – Павлодар;

31 мамыр – Өскемен;

03 маусым – Нұр-Сұлтан.

Кездесулерді өткізу уақыты мен орны туралы ақпарат сайтта қосымша жарияланады. Кездесуге қатысуға қызығушылық танытқан жағдайда, түсіндіру кездесулерін өткізу уақыты мен орны туралы одан әрі ақпараттандыру үшін тіркеу сауалнамасын толтыруды сұраймыз.

Байқау туралы егжей-тегжейлі ақпаратпен конкурс туралы ережеден, оны осы сілтеме бойынша көшіріп алуға болады.

Сұрақтар туындаған жағдайда, КЕҰ келесі байланыс нөмірі: +7 (7172) 57 63 05, 24 80 14, 57 65 41 (қоңыраулар Нұр-сұлтан уақыты бойынша жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін) арқылы немесе areket.skt@gmail.com электронды поштасы арқылы хабарласа алады.

http://www.sk-trust.kz/kz/competition




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін