Жақсылық жасау өнері!

  • 13 - Қаңтар, 2019 жыл.

 «ЗУБР» ӘКҚ кампаниясы тұжырымдамасының түйіндемесі

Жақсылық жасау өнері!

ЖАҚСЫЛЫҚ – осы сөзді естігенде, қандай сезімге бөленесіз? Біздің өмірімізде жақсылық аз ба, көп пе? Әрбір адам күнделікті өмірде, қарапайым істермен, өз шама-шарқынша   жақсылық жасауға ұмтылатын шығар. 

Ал біздің облысымызда «жақсылық жасаумен» кәсіби түрде айналысатын адамдардың бар екенін білесіздер ме? Ондай кәсіп болмайды дейтін шығарсыздар. Себебі университеттен «мейірімді жанә деген диплом алып шыққан адам  жоқ қой. Ия, бұл адамдар да өзгелермен қатар университеттен мұғалім, инженер, дәрігер, металлург, мемлекеттік қызметші, т.б. дипломдарын құшақтап шыққан. Бірақ бір уақытта олар өз өмірін өзгертумен қатар өзгелерге жаңа мүмкіндік ашу туралы шешім қабылдаған. Біреулер күрделі проблемалармен кезіксе (мүгедектік, ЖҚТБ, жақындарынан айырылу, зорлық жасау), басқа  біреулер бизнес пен билікте атқара алмаған «идеяларды» жүзеге асыруға асығады, тағы біреулер өзге адамдар орнатқан шектерді тар санап, одан шығуды қалайды.

Түрлі жолдармен жүрсе де, осы адамдардың бәрі  ҚОҒАМДЫҚ СЕКТОРҒА келіп, ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМ ӨКІЛДЕРІ  атанды.  Қазақстанда бүгінгі күні 14000 қоғамдық ұйым бар. Оның әрқайсысында сіздер мен біздер сынды қарапайым адамдар жұмыс істейді. Олар өзінің күш-жігерін біреудің өмірін жақсартуға арнайды: жетімдерді жаңа отбасымен қауыштырады, жастардың көкжиегін кеңейтеді, қарттарды өздерін біреуге қажет сезіндіреді, қиын жағдайға тап болғандардың құқығын қорғайды, заңдардың әділ атқарылуын қадағалайды, адамдарды біріктіріп, қанаттандырады.

Дәл осы қоғамдық ұйымдардың өкілдері біздің қоғамда ең еленбейтін, рахметі болмайтын, тіпті «лас» жұмыстарды атқаруға кірісіп жүреді. Біздің көпшілігіміз «бомждарды» айналып өтуге тырысады емес пе? Мүгедек арбасына таңылған адамның бордюрді қалай айналып өтетіні туралы, баспалдақпен қалай көтерілетіні туралы да ойлана бермейміз. Кезекті жасөспірімнің өзіне қол салғаны, балаға зорлық көрсетілгендігі туралы    қорқынышты  ақпаратты да арнайы қарағымыз келмейді. Бұл мәселемен өзіміз бетпе-бет кездескенше, олар туралы ойланбаймыз.  Ал қоғамдық ұйымдар осы өткір әлеуметтік мәселелерді шешу үшін жұмыс істеп қана қоймай, экологияны жақсартуға, ұлтаралық келісімді нығайтуға, діни келісімді сақтауға, күрделі мемлекеттік бағдарламаларды «түсінікті» тілге аударуға өз үлестерін қосып, адамдарға тиісті жеңілдіктерді пайдалануға, құқықтарын қорғауға көмектеседі.

Бірақ проблема да бар – қоғамдық ұйым өкілдері өз нәтижелері туралы көп айта бермейді. Сондықтан қазақстандықтардың көбі олар туралы мүлде ештеңе білмейді немесе оларға сезіктене қарайды. Оларды да түсінуге болады – «жақсылық жасау» деген тіркес тым әдемі естілуі мүмкін. Бірақ ол жұмыстарды мүлде ақысыз жасау да қиын – олар да отбасын асырауы тиіс қой. Ия, гранттар бар, мемлекеттік тапсырыс бар, спонсорлар да жоқ емес. Ал ақша жүрген жерде нәтиже қайда, қайда жұмсадың деген сауалдар да қатар жүреді.

Кампания барысында қоғамдық ұйымдар өкілдері мен олардың көмегі тиген адамдар қоғамдық ұйымдар жұмысының маңызын, қандай жетістіктерге жеткенін, «жақсылық технологиясының» қалай жұмыс істейтінін айтып береді.

Егер сіздер бұл туралы көбірек мағұлмат алғыларыңыз келсе, Facebook, Instagram, Одноклассники, WhatsApp, YouTube сияқты әлеуметтік желілерде жарияланатын ақпаратқа қарай жүріңіздер.  Сондай-ақ ХҚКО, банк, вокзал, мектеп, аурухана сияқты көпшілік көп жүретін жерлерде плакаттар мен роликтерді орналастыру жоспарланып отыр.

WhatsApp +7-707-650-43-80                                              #ЖақсылықЖасауӨнері

Сіз де қосыла аласыз  #ЖақсылықЖолы




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін