СДУ дарынды балаларға гранттық қолдау көрсетеді

  • 17 - Ақпан, 2020 жыл.

 

СДУ-ДАН ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА ҚОЛДАУ: ОЛИМПИАДА НӘТИЖЕСІНДЕ ТАЛАПКЕР ГРАНТ ҰТЫП АЛАДЫ

Биыл Сулейман Демирел университеті мектеп бітіруші түлектерге арналған SPT олимпиадасын ұйымдастырып жатыр. Негізгі мақсаты – еліміздің түкпір-түкпіріндегі дарынды балаларды анықтай отырып, оларға ұлттық бірыңғай тестілеу алдында алдын ала грант немесе оқу ақысына жеңілдік ұсыну арқылы қолдау көрсету және кәсіби бағыт-бағдар беру.

Олимпиаданың үздік нәтиже көрсеткен қатысушылары Сулейман Демирел университетінің 4 жылға жарамды 264 грант пен жеңілдіктің біріне ие болады.

SPT олимпиадасына мектепті немесе колледжді 2020 жылы бітіретін талапкерлер қатысады. Талапкерлер үшін бұл таптырмас мүмкіндік, өйткені:

  • Олимпиадаға қатысу тегін;
  • Олимпиада сұрақтары мектеп бағдарламасының деңгейінде;
  • Қатысушы өзінің ҰБТ-дағы бейіндік пәндерінен емтихан тапсырады;
  • Оқушының өз дайындығын тексеріп көру мүмкіндігі;
  • Қатысушының өз қаласында қатысу мүмкіндігі бар.

Олимпиада 2020 жылы 1 наурыз күні Қазақстанның 22 қаласында бір мезгілде өтеді.

Қатысу үшін http://sdu.edu.kz/spt/ сайтында 20 ақпанға дейін онлайн түрде тіркелу керек.

 



Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін