«ҮЕҰ үшін жобалық менеджмент» тақырыбында екі күндік оқу-әдістемелік семинары

  • 16 - Қазан, 2019 жыл.

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

2019 жылы 23-24 қазанда Алматы қаласының Азаматтық Орталығы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының қаржылық қолдауымен, сондай-ақ "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" ҰАҚ-ның гранттық қолдауымен, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен:

 «ҮЕҰ үшін жобалық менеджмент»

тақырыбында екі күндік оқу-әдістемелік семинары өткізіледі.
Тренер: Тұлтабаев Султанбек, жаттықтырушы, т.ғ.к.,
экономика ғылымының доценті, ММИ" ЖШС-нің Директоры

Тақырып өзектілігі:

Менеджментте жаңа бағыты - жобалық менеджменттің пайда болуы мен дамуы бірқатар объективті факторларға негізделген. Ең алдымен, бұл ғылыми-техникалық прогресті жеделдету және соның салдарынан тауарлар мен оларды өндіру технологияларының өмірлік циклінің қысқаруы. Екінші себеп көптеген өндіріс түрлері мен өнімнің өзінің күрделенуі, олардың ішінен пайда болатын элементтер санының артуы есебінен, нәтижесінде басқарудың жаңа тәсілдері мен әдістерін, оның ішінде ҮЕҰ-дағы жұмыс процестерін басқаруда пайдалану қажеттілігін қалыптастырды.

Алматы қаласының Азаматтық Орталығының «ҮЕҰ үшін жобалық менеджмент» оқу курсы ҮЕҰ өкілдеріне жобаларды табысты жүзеге асыруға әсер ету арқылы тиімді нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған жобалар бойынша жұмыс істеу дағдыларын, әдістерін, құралдарды және технологияларды пайдалану арқылы әдістерін арттыруға көмек береді.

Оқу курсы үш топтамадан тұрады:

  1. Жобаның үш кезеңін зерттеу: жобаны дайындау кезеңінен бастап жобаны іске асыруды жоспарлау кезеңіне дейін.
  2. Өз жобаларын дайындау барысында жаттықтырушыдан кеңес алу.
  3. Жобаның бүткіл кезеңіндегі барлық жобалық нысандарын талқылау және толтыру.

Мақсаты мен міндеттері:

  • Жобаларды қалыптастыру барысында бірыңғай басқару тәсілін әзірлеу;
  • Тыңдаушылар неміс әдісіне негізделген жобаны қалай дайындауға және іске асыруға үйренеді;
  • Оқу барысына тыңдаушылар ішкі ағымдағы жобаны дайындайды.

Оқу курсының соңында қатысушылар:

  • Оқу үдерісінде алған жобалық жұмыс дағдыларын әріқарай меңгере алады. Қатысушыларды тәжірибелі жаттықтырушы жүреді, онымен өзара іс-қимыл олардың жобаларындағы кемшіліктерді анықтауға көмектеседі және бір қатар практикалық шешімдерін жазып шығарады.
  • Оқу барысында тыңдаушылар жобалардың барлық сатыларымен таныс болады.

Іс-шараның күні: 2019 жылғы 23-24 қазан.
Өткізілетін уақыты: 14.30 – 18.00 сағ. (қатысушыларды тіркеу сағат 14.00-дан бастап жүргізіледі)
Өткізілетін орны: Жамбыл көшесі 114\85 (Байтұрсынұлы көшесінің қиылысы), Бизнес Сити ғимараты, Алматы қаласының Азаматтық Орталығының конференц-залы, 1-ші қабат.

Семинарға қатысу үшін келесі ақпаратты жіберу арқылы тіркелу қажет: қатысушының тегін, аты-жөнін, жұмыс орнын, лауазымын, байланыс деректерін info@civilcenteralmaty.kz электрондық поштасына жолдап немесе 8(727) 3 410 411 байланыс тетігімен хабарласуы қажет.

Өтініштеріңізді 23 қазан мерзіміне дейін (Астана уақыты бойынша) сағат 12.00-ге дейін жолдауларыңызды өтінеміз




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін