Медиаторлар Наурызбай ауданының тұрғындарына кеңес берді

  • 28 - Тамыз, 2019 жыл.

«Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Наурызбай аудандық фронт-офисінде «Келісім» ашық есік күні өтті. Шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, Алматы қалалық ҚХА Медиация кабинеті, Халықаралық құқық қорғау орталығы, Халықаралық "Жанашыр" қоғамдық қоры өкілдері қатысып, қала тұрғындарына әртүрлі даулардың, ұлтаралық түсініспеушіліктердің алдын алу, заңдық, құқықтық тұрғыда және мемлекеттік қызмет алуға қатысты кеңестер берді. Қабылдау барысында Наурызбай ауанының жиырма тұрғыны сұрақтарына жауап алды.

Мәселен, үй шаруасындағы Зәуре Рахманқұлова тұрғын үй меншігі құқығына байланысты сұрақ, зейнеткер Ғабдуллина Байкамал ауылдағы үйін сату, зейнетақысын рәсімдеу, тәрбиеші, Бүрлен Саят соңғы жұмыс орнында 8 ай жұмыс істеп декреттік демалысқа кеткен, алайда жұмыс беруші 8 аймен жәрдемақы төленбейтінін айтқан, Рахман Қайратұлы банктегі несие мәселесіне байланысты, 5 баланың анасы Әбжаппарова Ақмарал жәрдемақы рәсімдеуге байланысты сұрақтармен келіп, қанағаттанарлық кеңес алды. Бірқатарының мәселелерін шешуге медиаторлар араласатын болды. Ұйымдастырушылар фронт-офиске келушілерге ақпараттық парақшалар таратып, сауалнамалар жүргізді.

Шара ұйымдастырушысы Халықаралық "Жанашыр" қоғамдық қорының басшысы Жаңыл Әпетованың айтуынша, «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Алматы қаласы филиалымен бірге мұндай қоғамдық қабылдауды апта сайын, қаланың барлық аудандарында өткізбек.

Шара «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты негізінде ұйымдастырылды.

 

Халықаралық "Жанашыр" қоғамдық қорының баспасөз қызметі

Телефон: 9738533, 87009738533




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін