Мүмкіндігі шектеулі балалардың өміріндегі үкіметтік емес ұйымдардың рөлі

  • 8 - Мамыр, 2019 жыл.

Құрметті достар!

«Кенес» МҚБ-нің жұмыс тобы, Жол картасы жобасы «мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мемлекеттік жүйені ұйымдастыру» бойынша жұмыс бастады.

Жол картасы жобасы бойынша балаларға көмек көрсетудің кешенді интеграциялық үлгісін жасауға тырыстық. перинаталды кезеңнен бастап 18 жасқа дейінгі медициналық, психологиялық, корркциялық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік және басқа да көмек түрлері кіреді.

Тұжырымдаманың негізгі мақсаты: интеграцияланған қызметтерді ұсыну үшін, мемлекеттік, интеграцияланған (Бөлімаралық) жүйе құру, баланың табысы үшін алдын-алу, сапалы көмек көрсету.

Міндеттері: 1) алдын алу - даму патологиялары бар балалар арасында мүгедектіктің ауыр жағдайларын болдырмаудың негізгі құралы;

2) тәуекелге ұшыраған балаларды және дамытудағы паталогиясы бар балалардың дағдыларын анықтау және бағалау үшін емхана дәрігерлерін оқыту;

3) кешенді көмек көрсетудегі интеграцияланған модель: денсаулық + білім + әлеуметтік қорғау;

4) мектепке дейінгі жастағы балаларды (мүмкіндігі шектеулі балаларды қосу) әлеуметтендіруге тарту процесін бастау;

5) түрлі салалардағы мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру (денсаулықты сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау).

6) мүмкіндігі шектеулі балалардың мәселерін нозологиямен (БЦП, аутизм, ақыл-парасат, генетикалық ауытқулар, психо-сөйлеу дамуының кешігуі) және ықтимал шешімдер іздеу.

«Мүмкіндігі шектеулі балалардың өміріндегі үкіметтік емес ұйымдардың рөлі» тақырыбындағы дөңгелек үстелге үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін шақырамыз.

Сіздің ұсыныстарыңыз, пікірлеріңіз Жол картасы жобасы тұжырымдамасына және Мүмкіндігі шектеулі балалардың болашағына өте өте маңызды!

Өтетін орны: Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі 166 «Кенес» орталығы

Өтетін уақыты: 21 мамыр 2019 жылы сағат 16:00-де




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін