Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын жылжыту үшін ұлттық құқық қорғау институттарының мүмкіндіктерін нығайту

  • 16 - Сәуір, 2019 жыл.

Құрметті әріптестер!


ҚБ «Шырак» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты шеңберіндегі «Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын жылжыту үшін ұлттық құқық қорғау институттарының мүмкіндіктерін нығайту» жобасы аясында Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарының бұзылуына жол берілмеулеріне қатысты сауалнама жүргізуде.

Сауалнаманың барлық нәтижелері қатаң құпия болып табылады және құқық қорғау механизмдерін жетілдіру, мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын жылжыту және олардың өмірлері сапасын жақсартуға қатысты ұсыныстар дайындауда жалпы қорытындылау түрінде пайдаланылатын болады.

Сауалнаманы толтыруыңызды (төмендегі сілтемені қараңыз), өзіңіздің пікіріңізді қалдыруыңызды және ойларыңызбен бөлісуіңізді сұраймыз. Және FB-та постпен бөлісіңіз, сонымен қатар, әріптестеріңіз, достарыңыз және барлық басқа да мүдделі адамдар арасында сілтемені таратуыңызға болады.

https://forms.gle/5UYJhTB7pRvSd2tu7 мына сілтеме бойынша сауалнаманы аша аласыз немесе FB-тегі біздің ресми парақшамыздан таба аласыз.

 

Ынтымақтастық және қолдауларыңыз үшін алғыс білдіреміз!

Құрметпен, «Шырак» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы»




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін