ҚАБЫЛДАУШЫ ҰЙЫМДАРДЫ ІРІКТЕУ БОЙЫНША КОНКУРС

  • 25 - Ақпан, 2019 жыл.

ҚАБЫЛДАУШЫ ҰЙЫМДАРДЫ ІРІКТЕУ БОЙЫНША КОНКУРС

Жастар корпусын дамыту жобасының Үйлестіру агенттігі Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының, Астана және Алматы қалаларының коммерциялық емес және жеке ұйымдарын Жастар корпусын дамыту жобасының гранттық бағдарламасы шеңберінде қабылдаушы ұйымдарды іріктеу бойынша конкурсқа қатысуға шақырады.

Анықтама: Жастар корпусын дамыту жобасы (бұдан әрі – Жоба) Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасында жастарды жергілікті тұрғандардың өміріне тарту және олардың қоғамдық пайдалы қызметке қатысуы, өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту мен жастар бастамаларын ынталандыру бойынша № TF014174 грант туралы келісімнің шеңберінде іске асырылады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және Дүниежүзілік банктің қолдауымен, 2019 жылы Жоба Үйлестіру агенттігімен 6 аймақтың аумағында іске асырылады: Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары мен Астана және Алматы қалалары.

Жобаның гранттық бағдарламасы 14[1] жастан 29 жасқа дейінгі жас адамдар тобы (3-5 адам) ұсынған және конкурстық негізде іріктелген әлеуметтік маңызды жобаларды іздеуге және қаржыландыруға бағытталған.

Жастардың бастамашыл топтарына өз әлеуметтік жобасын іске асырудың екі әдісінің біреуі ұсынылады:

1) қабылдаушы ұйым арқылы. Жас адамдар әлеуметтік жобаны іске асыруда қолдау алу үшін арнайы комиссиямен іріктелген қабылдаушы ұйымдарға жүгіне алады.Гранттық бағдарлама шеңберінде қабылдаушы ұйымдар жастардың топтары атынан әлеуметтік жобаларды іске асыруда қолдау көрсетуге мүмкіндік алады (7 жобаға дейін).

2) өз беттерімен. Жастар бастамашыл тобы әлеуметтік жобаны қабылдаушы ұйымның қолдауысыз және алып жүруісіз, өз беттерімен іске асыра алады. Жастар бастамашыл тобы тек қана 1 жобалық өтінім ұсына алады.

Гранттық бағдарламаның бірінші кезеңі қабылдаушы ұйымдарды іріктеу бойынша конкурс болып табылады. Жоба іріктелген қабылдаушы ұйымдарға туған аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосуға, ұйымның әлеуетін нығайтуға және Жобаның оқыту іс-шараларына қатысу арқылы қызметкерлердің кәсіптік дағдыларын арттыруға мүмкіндік береді.

Қабылдаушы ұйымдарды іріктеу бойынша конкурсқа тек қана:

  • «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚР Заңына сәйкес жастар ұйымдары;
  • Саяси партиялар мен діни ұйымдардан басқа, жарғылық мақсатында жастарды дамыту мен қолдау бойынша қызмет қарастырылған қоғамдық бірлестіктер, қорлар, заңды тұлғалар бірлестіктері нысанындағы коммерциялық емес ұйымдар;
  • корпоративті әлеуметтік жауапкершілік бағдарламаларын іске асыратын, жарғылық мақсаттарында жастарды дамыту мен қолдау бойынша қызмет қарастырылған жеке ұйымдар қатыса алады.

«Қабылдаушы» мәртебесіне үміткер ұйымдар келесі талаптарға сәйкесуі қажет:

  • аталған аумақта заңды тіркелуінің болуы (өтінім беру кезінде 3 жылдан кем емес);
  • қызметінің аталған аумақта жүзеге асырылуы;
  • жастардың қатысуымен әлеуметтік жобаларды іске асыру саласында 3 жылдан кем емес тәжірибесінің болуы;
  • мәлімделген қызметтің ұйымның жарғылық ережесіне сәйкесуі;
  • салық және өзге берешектерінің болмауы;
  • әрекет ететін банк шотының болуы;
  • ұйым қызметтерді жосықсыз жеткізушілер тізілімінде болмауы тиіс;
  • бас кеңсенің тарапынан ресми рұқсаттың болуы (филиалдар үшін).

Іріктелген қабылдаушы ұйымдар гранттық бағдарлама шеңберінде келесі қызмет түрлерін көрсететін болады:

  1. жас адамдар, әсіресе, жастардың осал топтары арасында гранттық бағдарламаның шарттары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;
  2. жастар бастамашыл топтарына гранттық конкурсқа жобалық өтінімді дайындау бойынша консультациялық және техникалық қолдау көрсету;
  3. жобаларды іске асыру кезінде қатысушыларға қажетті көмек көрсету (өз мүддесінде жобаның мақсатын және мазмұның, орындаушылардың құрамын өзгертпей);
  4. Үйлестіру агенттігіне жобаларды іске асыру барысы туралы есептіліктерін уақытылы ұсыну мақсатында жобаларға жетекшілік ету, жобаларды орындау шеңберінде қаржы операцияларын басқару.

Әр қабылдаушы ұйымның қызметіне әр жоба бойынша грант беру туралы шарттың сомасынан 15% мөлшерінде өтемақы төленеді. Өтемақы әлеуметтік жобаны іске асыруда ілесетін үстеме шығындарды жабу үшін төленеді.

Мүдделі ұйымдарға 2019 жылғы 10 ақпаннан 5 наурызға дейін қабылдаушы ұйымдарды іріктеу бойынша конкурсқа қатысуға www.zhasproject.kz онлайн ӨТІНІМНІҢ НЫСАНЫ толтыру қажет.

Қабылдаушы ұйымдарды іріктеу тәуелсіз конкурстық комиссиямен жүзеге асырылады. Қабылдаушы ұйымдардың тізімі ашық қолжетімділікте www.zhasproject.kz сайтында орналастырылады.

Конкурс туралы қосымша ақпаратты Жобаның www.zhasproject.kz сайтында немесе (7172) 500-754, 500-771 телефондары бойынша (жұмыс уақыты: 09.30-дан 18.30-ға дейін; түскі үзіліс: 13.00-ден 14.30-ға дейін; демалыс күндері: сенбі, жексенбі) алуға болады.

Жалпы білім беру мектептерінің оқушылары, мемлекеттік қызметкерлер Жобаға қатыса алмайды.




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін