Әлеуетті ақпараттық консультант үшін нұсқаулық

  • 14 - Ақпан, 2019 жыл.

Егер Сізде ақпараттық науқандар мен адрестік жұмыс жүргізу тәжірибеңіз болса, Сіз жастарды дамыту бойынша біздің бірегей бағдарламамыздың бір бөлігі бола аласыз.

Ақпараттық консультанттар бола алады:

  • Белсенді тұрғындар
  • Жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері
  • ҮЕҰ-дың қызметкерлері
  • Әлеуметтік жұмыскерлер
  • Білім беру және өзге ұйымдардың қызметкерлері
  • Бизнес жаттықтырушылар мен консультанттар («Даму», «Атамекен» ҰКП және т.б.)

Ақпараттық консультант болу үшін қажетті:

  • Түйіндеменің онлайн нысаның толтыру https://goo.gl/forms/vAKynOyYF5QhWVou1 (орыс тілінде) https://goo.gl/forms/Qvwniisi4S51tzZN2 (қазақ тілінде):
  • Ұсынымдарды растау үшін жұмыс берушінің немесе серіктестің байланыс деректерін көрсету

Іріктеу өлшемдері:

 

  • жастармен жұмыс тәжірибесі;
  • ақпараттық науқандар мен аутрич-жұмыстар жүргізу тәжірибесі;
  • жасы 21-ден 45 жасқа дейін;
  • мақсатты аудиторияның қажеттіліктеріне байланысты қазақ/орыс тілін білу;
  • белсенді азаматтық ұстаным;
  • облыс шегінде сапарларға бару мүмкіндігі;
  • негізгі жұмыспен қатар алып жүру мүмкіндігі (мобильдік кесте);
  • бейтаныс адамдармен тез байланыс орната білу, ынталандару және өзін-өзі бақылау дағдылары;
  • сабырлылық.

Қабылдау процесі:

  • Техникалық іріктеу – негізгі өлшемдерге сәйкесуі.            
  • Көзбе-көз/ телефонмен сұхбат (деректердің нақтылығы және ынталандыру).
  • Қоңырау соғу арқылы сәтті/ сәтсіз өту туралы ақпараттандыру.

Ұйымдастырушы әлеуетті үміткермен келісім-шарт жасасудан бас тартуға және  жұмысқа орналасуына түсіндірме жасамай жауап бермеуге құқылы.

Ақпараттық консультант өткізеді:

 

  • Осал топтардан шыққан әлеуетті қатысушылардың 150-300-ге жуық үйлеріне бару, әр ауылдық округке бару;
  • Жүріп өту мүмкіндігі неғұрлым жоғары орындарда (оқу орындары, дүкендер, дәріханалар, хабарландыру тақталары және т.б.) жарнамалар жабыстыру;
  • Бекітілген аумақтың әр ауылдық округінде кем дегенде 1 ақпараттық кездесу өткізу;
  • Әлеуетті қатысушыларға жастар жобаларын қалыптастыру  және жобалық өтінімді ұсыну бойынша жеке консультациялар (5-20 бастамашыл топ) өткізу. Жобаға мақсатты аудиториядан 20-50 жас адамды тарту.
  • Барлық мүдделі тараптарды Жоба туралы ақпараттандыру
  • Үйлестірушіге ақпараттық анықтама мен апта сайынғы есепті ұсыну

Ақпараттық консультант не алады?

  • Атқарылған жұмыс үшін қаламақы (110 000 теңге, жартылай жұмыспен қамтылумен 40 жұмыс күні, салықты, зейнетақы аударымдарын және көлік шығындарын өтеуді қоса алғанда);
  • Аутрич-жұмыс және ақпараттық науқандар өткізу дағдыларын
  • Әлеуметтік жобалау дағдыларын
  • Адрестік жұмыс бойынша оқыту курсынан өту туралы сертификат
  • Қосымша ақыға бағдарлы семинарлардың жаттықтырушысы ретінде тартылу мүмкіндігін
  • Ментор болу мүмкіндігін (25 жастан асқан тұлғалар үшін).



Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін